Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордадағы бірнеше мектепке араб шейхтерінің есімі берілгелі жатыр

Шетелдік инвестордың атын қоюды ұстаздардың өзі сұрап жатқан көрінеді. Нұр-Сұлтандық мұғалімдердің бұл бастамасын ономастикалық комиссияда қолдап жіберді. Қазір мектептің іші-сыртында арабша жазулар да тұр.

Елордадағы бірнеше мектепке араб шейхтерінің есімі берілгелі жатыр

84-лицей, сол араб шейхтарының есімін иеленгелі тұрған білім нысандарының бірі. 4 жыл бұрын салынып, пайдалануға берілген білім ордасы Есілдің сол жағалауында орналасқан. Ғимараттың маңдайшасындағы жүгіртпе жол 4 тілде жазылыпты. Тіпті, мектептің кіре берісінде де арабша жазуларға көзіміз түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Шейхтің атын бергені туралы әлі ресми түрде бізге хабарлаған жоқ. сондықтан біз сұхбат бере алмаймыз. Бізге бұйрық келген кезде ғана. Ұсыныс түскен, дәл қазір ол беріле ме , жоқ па айта алмаймыз. Балаларды біз партиоттыққа тәрбиелейміз, отансүйгіштікке тәрбиелейміз. Балалар Абайдың атындағы, Сәкеннің атындағы мектепте оқимын деп жатады. Шейхтің атында дегенімен, біз араб елінің тарихын оқытып жатқан жоқпыз ғой. Қазақстан білім стандарты бойынша оқиды. Бұл екі елдің достығының белгісі ретінде салынған мектеп", - деді мектептің әкімшілігі.

“Өзі бір жағынан күлкілі де, екінші жағынан таңданарлық нәрсе екен. Енді араб шейхының атын қою деген Қазақстанның мектебіне таңғалып тұрмын өзім. Ал енді былай қарап тұрсаңыз біздің қоғам, мемлекет қайраткерлері бар ғой. Бергісі келсе. Қаржы құйды екен деп атын берсе қалай”, - деді журналист Мейрамгүл Исатайқызы. 

“Жалпы, көшенің аттарын беруге болатын шығар. Ал енді, мектептің атын беруге, мен өзім қарсымын. Себебі, ақша бөлініп жатқан болар, бірақ ол ақшаны құйғаннан кейін қайырымдылықпен болса, онда жарайды. Мұсылман мемлекеті, бізде дамып келе жатқан мемлекетпіз, оған рахмет айтуға болады”, - деді журналист Әбдірәлі Бөлебай. 

Астанада қазір 87 мектеп бар. Жуырда ономастикалық  комиссия 12 білім нысанына белгілі тұлғалардың есімі  беру туралы мәселені қараған. Соның ішінде екі мектепке екі Шейхтің атын беруді талқылапты. 84-лицейге Біріккен Араб Әмірлігінің басшысы шейх Халиф бен Заида аль-Нахаянның , ал 85 лицейге Катар әміршісі Тамим бен Хамад аль-Танидің атын бермек екен.

“Сыртқы істер министрлігінен, содан кейін мектептің ұстаздары бар, басшылығы бар, солардың атынан ұсыныс түсіп, ономастикалық комиссия қарады. Мектепті іртетасынан бастап салып, ішіндегі жиһазы бар, қаражатын бөліп, коммуналдық шығындарын ұстау инвестрлардың арқасында. Әрі қарай да көмектесеміз деп отыр”, - қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев. 

Әзірге лицей ұстаздарының ұсынысын қалалық комиссия мақұлдаған. Енді республикалық ономастикалық комиссияда қаралмақ.

Талқылау