Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нобель сыйлығын алғысы келген: Қазақстандықтар жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен жігіт үшін дұға жасауда

Математика, физика пәндерінен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы мен оның анасын қымбат көлік мінген адам қағып кеткен. Жол апаты осыдан төрт ай бұрын болғанымен, 19 жастағы жігіт әлі де өз-өзіне келмеген. Дәрігерлер өте ауыр халде жатқан білімді жігіттің беті қашан бері қарайтынын дөп басып айта алмай отыр. 

Нобель сыйлығын алғысы келген: Қазақстандықтар көлік қағып кеткен жігіт үшін дұға жасауда

Биылғы жылдың 5 шілдесінде Мәскеудегі университеттердің бірінде оқыған, болашағынан зор үміт күттірген Тимур Қайырбекұлы мен оның анасы Шолпанды Қабанбай батыр даңғылы мен Сарайшық көшесінің бойында қымбат, жол талғамайтын көлік бағдаршамдағы қосымша жасыл түстің өшіп жатқанына қарамастан қағып кеткен. Соққының салдарынан анасының тоғыз қабырғасы сынып, миы шайқалған. Ол қазір өзіне келсе, 19 жастағы Тимур комадан жақында ғана шыққан. Басынан қатты зақым алған жігіттің жағдайы бірқалыпты ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап.

«Негізі оңалту еміне көп уақыт керек. Себебі бас ми жарақаты өте ауыр. Оған көп уақыт ем керек. Оңалтудан басқа да күтім керек», - дейді «Ұлттық нейрохирургия орталығының» директоры Талғат Пазылбеков.

Полиция депаратментінде қымбат көлікпен соққан жанды тапқан. Бірақ тергеп-тексеру жүріп жатқандықтан, аты-жөні айтылмады. Өзі де сұхбат беруге қарсы болды. Тәртіп сақшылары бұл оқиғада зардап шеккендердің  жол ережесін өрескел бұзғанын анықтаған.

«Олардың сол көше бойында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқаны анықталған болатын. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалған жайдан денсаулық сақтау министрі де хабардар. Бұдан алдын жәбірленушілердің жақындары «Ұлттық нейрохирургия орталығында» тегін ем алу күні бітетіндіктен, қоғамнан көмек сұраған еді. Ведомство басшысы мемлекет қол ұшын созатынын айтты.

«Алдағы апталарда Ұлттық нейрохиругия орталығында емделу тегін түрде жалғасады. Бірақ кейіннен ұзақ уақыт оңалту керек. Барлығы тегін медициналық көмектің кепілденірілген көлемі аясында жүзеге асырылады», - дейді Елжан Біртанов.

«Ұлттық нейрохирургия орталығындағылар» математика, физика пәндерінен республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпазы Тимурдың тез оңалуынан үмітіті. Өйткені білімге құштар, есеп пен теорияны сүйіп оқыған жігіттің миы іліммен шыныққан. Дегенмен, дәрігерлер нақты оның беті бері қарауына қанша уақыт кететінін айта алмайды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы тікұшақпен қыдыртты (видео)

Желіде олардың тікұшақта отырған сәтінің видеосы тарады

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Әлем бойынша зейнет жүйесінің рейтінгі жасалды

"Масқараға тап болдым": Алматы облысында әкім ішімдік ішіп отырғандарды қуып жіберді (видео)

Текелі қаласының әкімі: Ата-бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын?

"Еңбектеп жүріп, үріп, ұлиды": Ресейде "маугли қыз" табылды (видео)

Анасы 11 жасар қызын бір шөлмек арақ үшін сексуалдық құлдыққа сатқан
Çàãðóçêà...