Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада бұзылған 15 тонна қарбызды көміп тастады

Нұр-Сұлтанда қауын шыбыны қаптаған өнімді, яғни 15 тонна қарбызды көміп тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекеттік инспекторлар фитосанитарлық бақылау жүргізгенде "Алаш" базарының аймағынан бұзылған қарбыздар табылды. Олар Түркістан облысынан әкелінген. Қауын шыбыны қаптаған өнімнің бір тоннасы полигонда жойылды. Сот шешімі бойынша қарбыздардың иесіне 35 350 теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Біздің тұтынушылар өнімді сатып алар кезде қарбыздың немесе қауынның діңгегіне қарауы керек. Қызыл-қоңыр түсті байқаса, өнім бұзылған деген сөз. Бұл жағдайда базардағы карантиндік инспекторлардың көмегіне жүгіну керек. Бізде тұрақты түрде фитосанитарлық бақылауды жүргізетін инспекторлар бар", — дейді елордалық инспекция жетекшісінің орынбасары Сымбат Қалиасқаров.  

Мамандардың айтуы бойынша, қауын шыбыны асқабақ тұқымдас қауындар мен қиярларды зақымдайды. Ол адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейді, бірақ  қауын шыбынымен зақымдалған өнімді тұтынуға болмайды.

Талқылау