Елордада теміржол бекетінің екі қызметкері төбелес шығарды

Елордалық теміржол вокзалының екі қызметкері төбелес шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, вокзалдың 21 және 46 жастағы қызметкерлері жанжал шығарды. Оның бірі - ауысым бастығы, ал екіншісі - күзетші.

Полиция тәртіп бұзушыларды ұстады. Олар жағдай ауызша жанжалдан басталғанын айтты.

"Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2 - бабының 1-бөлігі (дене жарақатын алған, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау) және 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттамалар толтырылды", - делінген хабарламада.

Сот шешімімен іс тоқтатылды. Күзетшіге айыппұл салынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр