Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада театр мен жолдардың құрылысы үшін тұрғын үйлер мен саяжайлар сүрілмек

Елордалық әкімдік театр, мектеп пен жол салынады деп жоспарланып отырған аумақтың тұрғындарының баспанасын сүріп тастамақ. Оларға өтемақы төлеу үшін 2 миллиард теңге жұмсалатын көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Елордада театр мен жолдардың құрылысы үшін тұрғын үйлер мен саяжайлар сүрілмек

Құрылыс елорданың оң жағалауында жоспарланып отыр. Мектептер мен айналма жолдан бөлек, мұнда үлкен тұрғын үй кешені, газ аппаратурасын шығаратын зауыт салынбақ.

Әкімдік жалпы саны 95 жер телімін сатып алмақ. Оларда 34 тұрғын үй, 57 саяжай мен 3 гараж орналасқан. 

Тұрғындар өз үйлерінен кеткен бойда, оларды сүру жұмыстары басталады. Әкімдіктегілер, тұрғындардың қарсылығы жоқ екенін айтады. 

«Тәуелсіз бағалаушы нарықтық бағасын белгілейді. Баспана иелерінің бәрі келісіп отыр. Сессиядан кейін келісімшарттарға қол қойылып, өтемақы төленіп, жер телімін босату үшін уақыт беріледі», - дейді «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директорының міндетін атқарушы Дарын Мұқыжанов. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр