Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада Тәуелсіздік күніне орай LED-экрандарда мемлекеттік ту көрсетілді (видео)

Астанада Тәуелсіздік күніне орай қала экрандарында мемлекеттік тудың бейнесі пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қала әкімдігінің хабарлауынша, елордада Тәуелсіздік күніне орай орталық көшелердің LED-экрандарында, ҚТЖ ғимараттарының медиа қасбеттерінде, ЭКСПО көрмесі мен дөңгелегінде мемлекеттік тудың бейнесі пайда болды.



Астанада 50-ден астам мерекелік іс-шаралар жоспарланып отыр. Мереке күндері елордада концерттер, көрмелер, жарыстар мен спорттық турнирлер өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Астана әкімдігі қалаларда тәуелсіздік күніне орай отшашу болмайтынын мәлімдеген еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Жексенбі, 15 Желтоқсан, 2024 17:10