БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған оқушы марапатталды

Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин елордада суға батып бара жатқан 9 жасар баланы құтқарып қалған 9-сынып оқушысы Кирилл Куфельдпен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еске сала кетсек, өткен жылдың жазында Пригородный аулының аумағындағы Нұра өзенінің арнасында ересектердің қарауынсыз шомылып жүрген бала суға бата бастаған еді. Осы кезде сол маңнан өтіп бара жатқан Кирилл судың бетінде әлдекімнің қимылсыз жатқанын көріп, көмекке асыққан. 

Биылғы жылдың мамыр айында құтқарылған баланың әкесі ішкі істер министрі мен білім және ғылым министріне хат жолдап, Кириллдың ерлігін тиісінше бағалап, марапаттауын сұраған. 

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар комитетінің жеке құрамының алдында оқушыға сақтығы, батылдығы мен ерлігі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, оның ерлігінің арқасында баланың аман қалғанын атап өтті. 

«Мұндай балалардың батылдығы мен аяушылық сезімі құрметке лайық. Кез келген адамның мұндай жас кезінде өзінің өмірін тәуекелге тігіп, өзгені құтқаруға батылы жете бермейді», - дейді ішкі істер министрінің орынбасары.

Өз кезегінде Юрий Ильин ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан оқушыны  «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады. 

Сонымен қатар Ильин Кириллдың ата-анасына, мұғалімдеріне алғыс білдіріп, алғыс хат табыстады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр