Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада Шешенстан полициясының экс-басшысы соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады: Полиция жауап берді

Ресейлік БАҚ-та Қазақстанда Шешенстан полициясының экс-басшысы соққыға жығылғаны туралы ақпарат пайда болды. Нұр-Сұлтан қалалық полициясы аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордада Шешенстан полициясының экс-басшысы соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция жауап берді

Айта кетсек, желіде Қазақстандағы клубтардың бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған оқиғаның видеосы тарады. Ресейлік БАҚ мәліметінше, ер адам Шешенстан полициясының бұрынғы басшысы Аюб Катаевты сұлатып түсірген. 

Полиция ресейлік БАҚ жариялаған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

«Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті елордадағы дәмханалардың бірінің сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған бұзақылық әрекеттердің 4 қарашада орын алғанын хабарлайды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Нұр-Сұлтан полициясы анықтағандай, 33 жастағы азамат 41 жастағы жергілікті тұрғынмен сөзге келіп қалып, ұрып жіберген. Бұл оқиғаның фигуранттары Қазақстан азаматтары болып табылады», - дейді полициядағылар. 

Сонымен қатар ведомстводағылар күдіктінің уақытша ұстау изоляторына тоғытылғанын айтты. 

«Сондай-ақ қолында тапаншаға ұқсас зат болған ер адамның қайда екенін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Ол ұсталғаннан кейін әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейлік браконьерлер қазақстандық инспекторларға тап беріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Оқиға Солтүстік Қазақстанда орын алған

"Түрмеде қатты арықтап кеттік": Нигериялық азаматтар Қарағанды полициясынан 50 мың доллар дауламақ

Олар аппеляциялық сотта ақталып шықты

Алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болады

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кей өңірінде -33 градус аяз күтіледі

Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Ол адам ағзаларын заңсыз алды деп күдіктелуде

Оралда бойжеткенді қағып кеткен полиция қызметкері жұмыстан босатылды

Алматы облысының тұрғына 79 жастағы туысын гір тасымен ұрып өлтірген

Зейнеткерді өлтіріп, көңнің астына көміп қойыпты

Таразда 12 жасар қыз зорланды: Күдікті бұрын да зорлық жасаған боп шықты

Ол 17 жасында зорлық жасағаны үшін сотталған

Анасы сегіз кішкентай баласын пәтерде бірнеше күнге қалдырып кеткен

Алты айдан сегіз жасқа дейінгі балалар суық үйден табылды

Ақтөбеде қызметкер қарттар мен мүгедектердің банктік карталарынан ақша шешіп отырған

Әлеуметтік қызметкер зейнеткерлердің сеніміне кірген

Бензинмен от жақпақ болған: ШҚО-да 8 жастағы баланың беті мен қолы күйіп қалды

Бүлдіршін ауруханада жатыр
Çàãðóçêà...