Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада пара алды деп айыпталған аудан әкіміне сот үкімі шықты (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында пара үшін сотқа тартылған «Алматы» ауданының әкіміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілетеме жасап. 

Елордада пара алды деп айыпталған аудан әкіміне сот үкімі шықты

Ведомство мәліметінше, аудан әкімі Тілеуов «Алматы» ауданын жарықтандыру қызметіне қатысты мемлекеттік сатып алулары туралы келісімшарт бойынша атқарылған жұмыстар актілеріне қол қойып, қорғаншылық танытқаны үшін 5 миллион теңге көлемінде пара алған. 

«17 қазанда Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Тілеуов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет ақтару құқығынан өмір бойына айырылды», - дейді ведомстводағылар. 

Бұған дейін аудан әкімінің тұтқындалған сәтінің видеосы жарияланған еді.

Талқылау