Елордада көпбалалы отбасыларға 150 пәтердің сертификаты табысталады

Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту аясында қалалық әкімдік «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға  жалға берілетін 150 пәтердің сертификаттарын беруді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көпбалалы отбасыларға арналған 150 пәтер қалалық «Берекелі баспана» қалалық бағдарламасы аясында табысталады. Пәтерлерді беру екі кезеңнен тұрады. Оның алғашы кезеңінде 17 маусымға дейін құжаттар жинау және қабылдау, ал екінші кезеңінде 15 шілдеден бастап қоныстандыру жұмыстары жүргізіледі. 

Әкімдікте атап өткендей, қабылданып жатқан шаралар аз қамтылған көпбалалы отбасылардың баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының әл-ауқатының жоғарылауына септігін тигізеді. 

Айта кетейік, бүгінде елордада 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 3000-нан астамы көпбалалы отбасылар. 

Тұрғын үй кезегінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар тұр, олардың қатарында көпбалалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Елордада осы жылдың соңына дейін шамамен 2 мың пәтер беріледі.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Оқиға 24 тамыз таң ата орын алды
Çàãðóçêà...