Елордада ер адам автобуста орын бермеген жасөспірімді соққыға жықты (видео)

Желіде қоғамдық көлікте болған оқиғаның видеосы тарады. Ер адам автобуста орын бермеген жасөспірімді ұрып-соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Елордада ер адам автобуста өзіне орын бермеген жасөспірімді соққыға жықты (видео)

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта оқиғаның Нұр-Сұлтан қаласында орын алғаны жазылған. 

«Бүгін адам толы автобуста келе жатқанымда екі баласы бар әйел мінді. Ол өзіне орын беруін сұрап, бұрқылдап сөйлей бастады. Артынша бір жасөспіріммен сөзге келіп қалып, ересек ер адам оны ұра жөнелді», - дейді куәгер. 

 

Оқиғаға қатысты пікір білдірген астаналық полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова қалада мұндай дерек тіркелмегенін мәлімдеді.

«Төбелестің видеосына қатысты тексеру жұмыстарын жүргіздік. Автобустағы бейнебақылау камераларын тексердік. Сондай-ақ, 102 нөміріне ешкімнің осы жағдайға байланысты хабарласпағаны белгілі болды. Осы төбелес төңірегінде жазылған арыздар да тексерілді. Алайда Нұр-Сұлтан қаласында мұндай факт тіркелмеді», - дейді София Қылышбекова. 

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан LRT компаниясының ресми өкілі Науат Азанбаева да елордада мұндай жағдай орын алмағанын айтты. 

«Видео Алматыда түсірілген сияқты. Бірақ қай қала екенін дөп басып айту қиын. Қалай болғанда да, астанада мұндай факт тіркелген жоқ. Яғни төбелес бізде болмады», - деді Науат Азанбаева.

Комментарий тастау үшін сізге сайтқа ену керек
Комментариялар
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дамаскідегі әл-Фараби кесенесі қандай қалыпта

Қазақстандық делегация Сирияның Дамаскі қаласына аттанды

Шариғат бойынша: Луина некесін мешітте қидырды

Өнер иесі орыстың келіні болды

Тимур Құлыбаев тағы да Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды

Асқар Мамин: Бұл бұқаралық спорттың одан әрі дамуындағы маңызды қадам

"Құдайым-ай, неткен еркек": Димаштың "жүн басқан кеудесі" қыздарды естен тандырды

Жұрт әншінің жаңа образын жақтырмай қалды

Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жемісті анықтады

Қытай ғалымдары арнайы зерттеу жасады

Адам суицидке жанын ауыртқан адамды жазалау үшін барады — психоаналитик

Анна Құдиярова адамдардың неге өзін-өзі өлтіретінін түсіндірді

6 жасар бала көз жұмған анасымен бірге 5 күн түнеген

Бала өте әлсіреп қалған күйде табылды

"Әжемнен дарыған қасиет": Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдігі бар екенін айтты

Әнші көріпкелдердің байқауына қатысқан

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры 92 жасында ер адамға үйленді

Қарияға үш бала сыйлаған әйелі оның мұндай шешіміне түсіністікпен қарапты

Алматыда бір үйдің үш баласын көлік қағып кетті

Балалардың жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасында айтып берді
Çàãðóçêà...