Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада 32 адам құтқарылды: Балалардың құтқарылған сәті жарияланды (видео)

Елордада тұрғын үйден өрт шықты. Жедел түрде жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт орнына елордалық Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімшелерінің өрт сөндірушілері жіберілдід, деп хабарлайды Stan.kz.

Бірер минуттан кейін оқиға орнына келіп жеткенде, бес қабатты жатақхананың екінші қабатында жалпы ауданы 20 шаршы метр жиһаздар мен заттардың жанып жатқаны анықталды.

Сонымен қатар шақыру орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Марғұлан Аманбаев аттанды. 

https://stan.kz/zhilandar-koship-zhatir-ma-kaspiy-tenizinin-zhagalauin-zhilandar-basip-kaldi-315197/

Өрт сөндірушілердің барлық іс-қимылдары жатақхананың жоғарғы қабаттарынан үш бағаналы, 3 шабуыл сатысы, құтқару арқандары және АЛ-30 көмегімен адамдарды құтқаруға бағытталды, сондай-ақ зардап шеккендерді іздестіру үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары қосымша жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдары негізінде 32 адам құтқарылды, оның ішінде 28-і бала. Өрт толығымен жойылды. 

Зардап шеккендердің жалпы саны - 26, оның ішінде 14-і бала.  Өрт сөндіруге жеке құрамнан 66 адам және Өрт сөндіру қызметінің 18 техникасы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр