Елорда көшесіндегі танымал жүректердің авторы Нұр-Сұлтандағы әкімдіктердің біріне жұмысқа орналасты

Эмальді бояумен жерге сурет салатын Александр Гомоновты елорда тұрғындары Саша көке деген атпен таниды. Оның өрнектері бар жүректері Сарыарқа ауданын тағы да әсемдендіреді. Ендігі кезекте Саша көкенің еңбегі тек жылы сөзбен ғана емес, ақшамен де бағаланатын болады. Бұл туралы "Астана" арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Александр Гомонов алғашқы суреттерін гипс-қатырмаға салған. Бірақ бояу жаңбыр жауған сайын ағып кетіп, суреттер бұзылып кетіп отырған екен. Суретшіге "Мұны қайтесің, бәрібір жаңбыр жауғанда жұмысың жарамай қалады" деп айтқандар да болған, бірақ ол ешнәрсеге мән бермей, өз ісін жалғастырған. 

"Он бес жылдан аса уақыт бұрын асфальтқа сурет сала бастадым. Көптеген дүниелерді ой елегінен өткізген соң, адамдарға деген махаббатымды осы жолмен жеткізгенім дұрыс деп шештім. Адамдар да өз кезегінде маған махаббатпен жауап берді", — дейді Гомонов. 

Қазақстандықтар суретшіге туындылары жанға жайлылық сыйлап, көңіл-күйді жақсартатынын жиі айтады екен.

"Саша, адамдарды емдейсіз бе? — дейді. Неліктен олай сұрағанын білгім келіп өзіне сұрақ қойсам: "Жүректеріңізге қарап, жанымыз тынышталады", — деген жауап аламын.  Бұл жай ғана жұмыс емес. Мен одан ләззат аламын. Ол адамдарды қуантады", — дейді ол.

Алғашқы кезде ермегі үшін суретші полицейлердің де қолына түскен. Бірақ оларға жерге сурет салғанның ешқандай айыбы жоқ екенін түсіндіре білген Гомонов сүйікті ісін тастамай, Қазақстанның өзге қалаларында ермегін жалғастырған. Шымкент, Екібастұз, Павлодар, Шучинск, Ақтөбе, Қостанай қалаларында сурет салған. 

"Менен не істеп жатқанымды сұрады. Қызылордада жүректерді салып жатқанымды айттым. Олар болса: "Сіз Астанада керексіз. Сіздің жүректеріңіз Астанада қажет", — деді. Қандай себеппен екенін де білмеймін. Түбінде келетінімді айтамын. Келдім, олар бірден хабарласты. Жұмыс беріп, жалақымен қамтамасыздандырды, баспана мәселесін шешті", — дейді суретші.  

Бір күннің ішінде Гомонов 9-10 сурет салады. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр