Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорда әкімі: Қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артады

Күні кеше президент халыққа Жолдауында алдағы үш жылда кезекте тұрған аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған еді. Бүгін елорда әкімі еліміздің бас қаласында қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елорда әкімі: Қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артады

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау бойынша қала активінің отырысы өтті. Отырыс барысында қала әкімі Алтай Көлгінов жазда 16 мың адам тұрғын үй кезегінде тұрса, қазіргі уақытта олардың саны 47,5 мыңға жеткенін айтты. 

«Кезекте тұрған адамдар саны артуда. Екі ай ішінде кезек бір жарым мың адамға көбейді. Келесі жылы елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есеге ұлғайтылады. Теқ бюджетке жүгініп қоймай, сонымен қатар қолжетімді тұрғын үй құрылысына жеке инвесторларды тарту қажет» , - дейді қала басшысы.

Сонымен қатар Көлгінов жақында модульдік үй құрылысы зауытының іске қосылғанын атап өтті. Құрылыстың мұндай түрі шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және үй салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Құрылыс салушылар қолжетімді тұрғын үй сегментін қарастырды.

Талқылау