Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эльмира Суханбердиева көпбалалы отбасынан шыққан балаларға көмектескен: Онда не үшін сынға қалды

Журналист балаларға қымбат телефон сыйламақ болған бұрынғы вице-министр Эльмира Суханбердиеваның әрекетін сынға алды. 

Эльмира Суханбердиева көпбалалы отбасынан шыққан балаларға көмектескен: Онда не үшін сынға қалды

Процессуалды келісімде айтылғандай, З мамыр күні "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында жас патриоттар форумы өтті. Онда ерлігімен көзге түскен балалар жиналды. Форумда сөз алған бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева екі балаға 1 маусым күні министрмен кездесуде iPhone X телефоны сыйға берілетінін айтты. Ол бұл үшін министрлікте ақша қарастырылмағанын білген. Сондықтан РМК-нан жетекшісінен телефон сатып алуды талап етті. 

"Сұрауға ұялып тұрмын, не себепті вице-министр көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға 300 мың теңгеден асатын қымбат телефондар сыйлауды жөн көрді? Мәселе бағада емес, гаджетте. Біз балалардың гаджетті қолдануын тоқтату үшін амалдар жасап жатырмыз. Оларды спортпен айналысуға, салауатты ойындармен ойнауға шақырамыз. Кітап оқып, музыка тыңдауға бағыттай алмай жатқанда ол балаларға гаджет сатып алып береді. 

Бұл ақшаға велосипед, футбол добын, спорттық форма, музыкалық аспап, кітап алып беруге болмай ма? Олар көпбалалы отабсыдан шықты емес пе? Олар бір телефонға таласып қалуы мүмкін немесе тамақ сатып алу үшін ата-анасы жарты ақшаға сатып жіберуі мүмкін", - деп жазады Гүлбану Әбенова парақшасында. 
Айта кетсек, бүгін Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп танып, 2 500 АЕК (6 млн 312 мың 500 теңге) көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.

Талқылау