Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Элизабет Тұрсынбаева әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына енді

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) 2018/19 маусымынан кейін мәнерлеп сырғанаушылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева үздік мәнерлеп сырғанаушылардың ондығына кірген. 

Аталған тізімде Элизабет Тұрсынбаева 6-орынға жайғасқан. Оның активінде 3 108 ұпай, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Тізімде ресейлік Алина Загитова (4510) көш бастап тұр. Ал жапониялық Сатоко Мияхара (3459) екінші, тағы бір ресейлік Евгения Медведева (3384) үшінші орынды еншілепті. 

Естеріңізге сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында екінші орынға ие болған еді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр