Соңғы жаңалықтар

Элизабет Тұрсынбаева және Бекзат Нұрдәулетов Қазақстан бойынша 2019 жылдың үздік спортшылары атанды

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 2019 жылдың спорттық қорытындысын шығарды және "Алтын Самғау-2019" сыйлығымен тоғыз номинация бойынша үздік спортшылар марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

награда

Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" орталық концерт залында Ұлттық Олимпиада комитетінің сайты жариялаған дауыс беру нәтижелері бойынша осы жылдың үздік спортшылары марапатталды.

Бірінші номинация "Жылдың үздік командасы" болды. Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасына берілді. Марапатты алу үшін сахнаға Никита Михайлис, Аркадий Шестаков және Валерий Орехов шықты. 

Биыл каратэден жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Әбілмансұр Батырғали "Үздік жас спортшы" атанды. Бірінші рет жүлде кешенді-ғылыми топтың үздік маманына берілді. Ол көптеген жылдар бойы бокстан Қазақстан құрамасымен жұмыс істейді.   

Параолимпиадалық спорт бойынша арнайы номинациялар бойынша паратаэквондист Нұрлан Домбай "Үздік спортшы" атанды, "Үздік жаттықтырушы" – Жандос Қиянов.

Олимпиадалық спорт түрлерінен "Үздік ұлттық федерация" деп хоккей федерациясы танылды. Сахнаға "Барыс" хоккей клубын жиырма жылдық мерейтойымен құттықтаған федерацияның бас директоры Глеб Каратаев шықты.

Сондай-ақ, 2008 жылғы Пекинде өткен Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша спорттық әділдік қалпына келтірілді. 11 жыл өткен соң ауыр атлетикадан алтын медаль Алле Важенинаға табыс етілді, ал жеңіл атлетикадан күміс медаль Ольга Рыпаковаға берілді.

Бұл медальдардың алдыңғы иегерлері допинг-сынамаларды қайта талдаудан кейін олардан айрылды. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спортшыларға салтанатты түрде медаль табыс етті.

Жазғы спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы болып еркін күрестен Қазақстан құрамасының жетекшісі Әсет Серікбаев, "Үздік спортшы" - боксшы Бекзат Нұрдәулетов танылды.

Қысқы спорт түрлерінің "Үздік жаттықтырушысы" фристайлдан Қазақстан құрамасының бапкері - Елена Круглыхина сыйлығымен марапатталды, ал мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жылдың "Үздік спортшысы" атанды.

"Жыл жаңалығы" - Әлішер Ерғали болды. "Қазақстан спортының игілігі" арнайы сыйлығына кеңес жеңіл атлет, әлем және КСРО чемпионы 82 жастағы Амин Тұяқов ие болды.

Қызылорда облысы Қазақстанның "Үздік спорт аймағы" болып танылды.

Кештің музыкалық хэдлайнерлері - әнші Молданазар, әнші Назима және Ninety One тобы болды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Қарин Алматының атауына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Ерлан Қарин: "Идея айтылғанымен мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын білдірмейді"

Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады

Хиуаз Доспанова - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш

Елордада Сейфуллин, Жансүгіров, Майлинге арнап жаңа ескеркіш орнатылды

Үш арыстың туыстары: "Бүкіл қазақ әдебиетіне, еліміздің барлық жазушыларына деген құрмет"

Бас прокуратура қазақстандықтарды 16 желтоқсанға қарсы заңсыз митингке шығатындарға ескерту жасады

Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады

Тоқаев Алматының атауын өзгертуді қолдады: Олжас Сүлейменов қандай нұсқа ұсынды?

Олжас Сүлейменов бірінші болып Алматының атын өзгерту петициясына қол қоюға дайын

Қазақстандық әнші-боксер Мәскеуде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Ескендір Ибрагимов екінші раундта қолының сынғанына қарамаған

Өліп қала жаздады: Атырау облысында бүлдіршін қаламсап қалпақшасын жұтып қойды

Бала жөтел қысып, тынысы тарылғанын айтып шағымданған

Алматы облысында неміс овчаркасы баланы талап тастады

Овчарка жәбірленушінің отбасына тиесілі

"Әлем аруы 2019" байқауының жеңімпазы белгілі болды

Халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан 20 жасар Мадина Батық қатысты

Мұғаліммен болған жанжалдан соң Түркістан қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан мұғалім алдында кешірім сұрады
Çàãðóçêà...