Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Голливуд пен Қытай жұлдыздары келеді": Джеки Чанның Қазақстанда түсірілім жұмысын қашан бастайтыны белгілі болды

Джеки Чан өзінің жаңа боевигін Қазақстанда түсірмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жайлы Qazaqstan телерадиокешенінің бұрынғы басшысы Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Джеки Чан 2017 жылы Қазақстанға жасаған алғашқы сапарынан-ақ түсірілім жұмыстары жайлы ойлаған. Алайда белігілі бір себептермен бұл идея кейінге қалған көрінеді.

«Джеки Қазақстан географиясы және мәдениеттің көптүрлілігімен өте қызық мемлекет екенін мойындады. Бұл жерде әртүрлі табиғи локация бар. Мәселен, пейзаждар, ормандар, таулар, жазықтар. Бастапқыда Қазақстан мен Рессей аумағында түсірілім жұмыстарын жүргізу ойға алынған. Алайда, Джеки ұсынған тақырып басқа авторларға тиесілі болып шығып, бұл ойын актер кейінге қалдырған», - деді Ерлан Қарин.

Дегенмен актердың ұсынысы биылғы жылы қайта қолға алынып, енді елімізде жаңа туынды түсірілмек. 

«Ағымдағы жылдың көктемінде өнер иесі Пекинде демалыс өткізіп жатқан кезде, Джекидің тобы қайта кездесіп, түсірілімнің жартысын Қазақстанда өткізу туралы идеяны талқылағылары келетінін айтқан», - дейді Ерлан Қарин.

Бұл драма араласқан ерекше боевик болады деп күтілуде. Елімізге Голливудтың, Қытайдың жұлдыздары келіп, туындыда Джеки Чанның өзі бой көрсетпек. Қазақстаннан бөлек түсірілім жұмыстары Франция мен Израилде өтеді. 

«Біз түсірілім тобының келуін күтіп отырмыз. Алдағы уақытта біздің елімізде түсіретін сценарийдің бөлімдерін талқылайтын боламыз. Мамырда Нұр-Сұлтанға туындының продюсері мен режиссері келеді деп күтілуде. Маусымда локацияларды реттестіріп, қыркүйек пен қазанға түсірілім жоспарланып отыр», - дейді Қарин.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр