Жылына 20 мың қазақстандық сәби шала туады: Шала туған балаға қалай күтім жасау керек?
17 қараша – Халықаралық шала туған балалар күні. Мерзімінен бұрын туған сәбилердің ерекше күтімді қажет ететіні белгілі. Осы ретте қазақстандық дәрігерлер шала туған нәрестеге қалай күтім жасау керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Белгілі Pampers бренді мен Қазақстандағы Жарты Ай қоғамы бірлесе отырып Алматыдағы “Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында” шала туған балалар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Жиында мерзімінен бұрын дүниеге келген бүлдіршіндер дәрігерлерімен қауышты. Бұл мерекелік іс-шарадағы ең әсерлі сәттердің бірі болды.
“Ең кішкентайларға – үлкен қамқорлықпен” компаниясының аясында Қазақстандағы ең ірі алты перинаталды орталығы мен еліміздегі балалар ауруханаларында шала туылған шараналарға 650 мыңнан аса арнайы жөргек тарататылды.
"Шала туған балалардың жалпы санының төрттен бір бөлігі, өте экстремалды салмақпен – бір келіден төмен болып дүниеге келеді. Алайда жыл өткен сайын медицинаның бұл саласы дамып келе жатқандықтан, мерзімінен бұрын дүниеге келген балаларға қамқорлық көрсету біз үшін қиын емес", – дейді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының неонтологиядағы медициналық қызметтер сапасын бақылау бөлімінің басшысы Ләззат Оңалбаева.
Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан аса сәби мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Олардың қажетті ем алып, қатарластарының қатарына қосылуы дәрігерлердің тікелей жұмысына байланысты.
Шала туған балалар – өміріндегі ең алғашқы сынақтан сүрінбей өткен қаһармандар. Оларға бұл жолда ата-анасы, жақындары мен дәрігерлер көмектеседі. Шала туған балаларға арналған арнайы жөргектен бөлек, олардың оңалту шараларының шығындарын да қарастырдық”, – дейді Орталық Азиядағы Procter & Gamble басшысы Руслан Гамзаев.
Әлемде жыл сайын 15 миллион бала шала туады. Оның 20 мыңнан астамы – қазақстандық сәбилер. Осы тұста “Сәбилер не себепті шала туады?” деген сауалдың қойылуы заңдылық.
Мерзімінен бұрын босанудың себептері әртүрлі. Олардың қатарында анасының жас ерекшелігі, экстрагениталдық патология және инфекциялар, аборттар, стресс факторлары және экстремалдық мінез-құлық, генетикалық факторлар, дұрыс тамақтанбау мен жаман әдеттер де бар.
Шала туған нәрестелердің ағзасы дұрыс дамымағандықтан олар өте әлсіз келеді. Мерзімінен бұрын туған сәбидің терісі жұқа әрі сезімтал, тері асты майдың деңгейі төмен, жүрек-қан тамырлары мен ас қорыту жүйелері жетілмеген және орталық нерв жүйесі өте сезімтал болады. Толық жетілмеген өкпе ағзаны оттегімен қамтамасыз ете алмайды. Мұндай нәрестелерге күтім жасау процесі күрделі.
Шала туған балалардың күтімі
Мерзімінен бұрын туған баланың күтімі бірінші перзентханада, содан кейін арнайы шала туған балалар бөлімінде жасалады. Мұндай нәресте орталық нерв жүйесінің және тері қабатының температураcын реттеу қызметінің жетілмей туу себебінен дене температурасын өз қалпында ұстай алмайды. Салқын жерде тез тоңып, ыстық жерде дене қызуы көтеріліп кетеді. Сондықтан, шала туғандарға шалалықтың дәрежесіне сәйкес әртүрлі температуралық режимді сақтау керек.
3 және 4-дәрежелі шала туған балаларға алғашқы күндері арнайы кереует – кювезде күтім жасалады. Оның ішіндегі температураны осы балаларға қажет 30-35 градусқа дейін көтеріп, ылғалдықты 60-65%-ке, оттегі концентрациясын 30%-ке жеткіземіз. Мұндай кювездер жоқ болса, шалалықтың 1-ші және 2-ші дәрежесіндегі балалардың дене температурасын жылытқыштар қою арқылы реттеуге болады. Шала туған баланың тері қабатының қорғаныш қызметінің төмен болуына, жалпы иммунитетінің төмендігіне байланысты оның күтімінде тазалықты қатаң сақтап, әртүлі аурулардан сақтандыру қажет.
Реабилитолог маман Гүлнар Атабаеваның айтуынша, үй жағдайындағы күтім кезінде бөлмедегі ауа температурасы 22-25 градус болу керек және әр 3 сағат сайын бөлмені 15-20 минут желдету міндетті.
Шала туған балалардың тыныс алу жүйесіндегі ерекшеліктеріне және дем алу орталығының жетілмеуіне байланысты, олардың дем алысын жақсарту үшін келесі әрекеттер жасалады:
- бөлме ауасын жиі желдетіп, тазартып тұру;
- баланы бос жөргектеп, бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу;
- ылғалдатылған оттегін беру;
- баланың кеудесіне қыша қағазын қойып тұру.
Медициналық қоғамдастық пен болашақ ата-аналардың басты міндеті – мерзімінен бұрын босану санын азайту.