Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде көпбалалы отбасынан шыққан балаларға 5 мың білім гранты бөлінді

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындарында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға 5 мың мемлекеттік білім беру гранты бөлінеді.

Елімізде көпбалалы отбасынан шыққан балаларға 5 мың білім гранты беріледі

Бұл туралы Ақордада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоғары оқу орындарында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға 5 мыңға жуық мемлекеттік білім беру гранты бөлініп отыр. Әзірге 5 мың, одан кейінгісін тағы көреміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 1 қыркүйектен бастап жұмысшы мамандықтар бойынша шәкіртақы 30% -ға артады.

"Жастарды өнімді жұмысқа тарту бойынша белсенді шаралар қабылданатын болады. 1 қыркүйектен бастап 122 мың адамды қамтитын ТжКБ кəсіптік мамандықтар бойынша стипендия 30% -ға өсті. Бұл шұғыл шаралар бізді алаңдатып отырған əлеуметтік мəселелерді шешуге септігін тигізетініне сенімдімін. Елбасымыздың танымал стратегиясында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, 300-ден астам қазақстандықдың жаңа кәсіпті оқитынын айтты. Бизнесті бастауға мүдделі тұлғаларға жеңілдікті несиелер беру, кәсіпкерлікті ынталандыруға үлкен назар аударылатын болады.

"Менің тапсырмам бойынша, үкімет қазіргі әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша, жедел шаралар кешенін әзірледі. Биылғы жылдың соңына дейін 300 мыңнан астам жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтығандар жұмыспен қамтуды ынталандыру шаралары, оның ішінде "Бастау бизнес", "Жас кәсіпкер" бағдарламасы аясында қысқамерзімді кәсіптік білім алады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, жеңілдікті несиелер беру, кәсіпкерлікке мүдделі тұлғаларға гранттар беру арқылы кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға көп көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

"ТЖК-ны халықтың осал топтарына беру процесінің тиімділігін арттыру жоспарлануда", - деді Қазақстан президенті.

Талқылау