Елімізде интимдік сурет іздеп алаяқтың алдауына түсетін азаматтар көбейген
Қазақстанда алаяқтар азаматтарды алдау үшін чат-боттарды пайдалана бастаған. Сондай-ақ өз құрбандарын ChatGPT нейрожелісі арқылы да құрығына түсіреді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтықтың адамдарды алдауға арналған жаңа тәсілі өте қарапайым. Онда желі қолданушысын кез келген адамның интимді суреттерін тауып береді деген сілтемеге өткізеді. Егер қолданушы сілтеме арқылы чат-ботқа өтсе, қай адамның интимді суреттері керек екені сұралады. Осыдан соң бот авторы сұраған суреттердің табылғанын және оған қол жеткізу үшін ақша төлеу керегін хабарлайды. Ал желі қолданушысы ақшаны төлеген сәттен алаяқтың арбауына түсті деуге болады. Өйткені оның сұраған суретін де көрсетпейді, ақшасын да қайтармайды.
Мұндай сілтемелер әсіресе әлеуметтік желідегі пікірлер арасында жиі кездеседі. Сондықтан мамандар интернет алаяқтарынан сақтану үшін күмәнді сілтемелерге өтпеуге кеңес береді. Айтуларынша, азаматтар интернеттегі кез келген ұсынысқа күмәнмен қараған дұрыс. Сондай-ақ сенімді болмаған жағдайда, қолданушылар өзі туралы ақпараттарды сұраныс білдірген сайттарға бермеу керек.
“Бұл – интернет алаяқтықтың жаңа түрі. Осы чат-боттың сипаттамасында қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адам пайдаланады. Әрі сервистік қорында 10 миллионнан астам фото суреттер мен видеолар бар. Бот авторлары осылайша сүйген ғашықтарды тексеруді ұсынады”, – деді Касперский зертханасының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі маманы Қайыржан Әбдірахманов.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік