Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакинаның Miami Open финалындағы қарсыласы белгілі болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турнирінің финалындағы қарсыласы белгілі болды. Отандық теннис шебері финалда чехиялық Петра Квитовамен кездеседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

елена рыбакинаТурнирдің екінші жартылай финалында Петра Квитова румыниялық Сорана Кирстяны жеңді. Енді әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакинамен жарыстың бас жүлдесін сарапқа салады. 

applewin

Елена Рыбакина мен Петра Квитова бұған дейін екі рет кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен. Алдымен қазақстандық спортшы өткен жылы Остравада өткен турнирде 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жеткен. Одан кейін чех теннисшісі Аделаидадағы жарыста есесін қайтарды, есеп – 6:3, 7:5.

Айта кетейік, Петра Квитова – титулы көп теннисшілердің бірі. Ол – 2011 және 2014 жылдардағы Уимблдонның жеңімпазы, 2011 жылғы финалдық WTA турының чемпионы және жекелей сында 29 WTA турнирінің жеңімпазы, Чехия құрамасы сапында Федерация кубогының алты дүркін жеңімпазы, жекелей сында 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің экс-екінші ракеткасы. Квитова өз мансабында 35 302 704 миллион доллар сыйақы алған.

Елена Рыбакина мен Петра Квитова арасындағы кездесу 2 сәуірге қараған түні Астана уақытымен 01:00-де басталады. Miami Open-2023 кубогының жеңімпазы чемпион атағынан бөлек, 1000 рейтингтік ұпай мен 1 262 220 доллар сыйақы алады. Егер Елена Рыбакина жеңіске жетсе, рейтингте бір сатыға жоғарылайды.

Талқылау