Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті
Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Біріккен Араб әмірлігінде өтіп жатқан WTA 1 000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екінші айналымда отандасымыз чехиялық Мария Боузковаға қарсы ойын өткізді. Матч 7:5, 6:2 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.
Үшінші айналымда Елена Рыбакина әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Кори Гауффқа ойнайды. Гауфф екінші айналымда Беларусь спортшысы Александра Сасновичтен басым түскен.
Ал екінші қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жарыстың екінші айналымында чехиялық Петра Квитоваға есе жіберді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

