Елена Рыбакина Вашингтондағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: КТФ
Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ астанасында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы хард турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлемдік рейтингте 12-орында тұрған қазақстандық теннисші жарысты бірден екінші кезеңнен бастады. Бұл кезеңде оның қарсыласы – әлемнің 88-ракеткасы канадалық Виктория Мбоко болды.
Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылып, Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финалда Елена польшалық Магдалена Фрех пен 45 жасында WTA турына оралған америкалық Винус Уильямс арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Айта кетейік, Рыбакина жекелей сындағы ойындардан бөлек жұптық сында да өнер көрсетуде. Ол Ұлыбританиялық Эмма Радуканумен бірге жұп құрып, ширек финалға жолдама алды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

