Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина US Open-2025 турнирінің үшінші кезеңіне шықты

Фото: КТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте 10-орын) АҚШ ашық біріншілігінде екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Турнирдің екінші айналымында Рыбакина 18 жастағы чех спортшысы Тереза Валентовамен (WTA рейтингінде 92-орын) кездесті. Валентова 2024 жылғы "Ролан Гаррос" турнирінде жасөспірімдер арасында жекелей және жұптық сындарда жеңімпаз атанған. Қазақстандық теннисші матчты екі сетте — 6:3, 7:6 есебімен аяқтап, үшінші айналымға жолдама алды.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы кезеңінде Рыбакина америкалық теннисші Джульетта Пареханы (WTA рейтингінде 335-орын) 6:3, 6:0 есебімен сенімді түрде ұтқан болатын.

Еске салайық, биылғы US Open турнирінің жеңімпазы рекордтық 5 миллион доллар сыйақы иеленеді.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 12:11