Елена Рыбакина Токиодағы турнирден тыс қалғанымен әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты
Фото:Championat.com
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) осы аптада жаңартылған рейтингтік тізімін жариялады. Аталмыш рейтингте қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, алтыншы орынға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елена Рыбакина өткен аптада Токиодағы турнирде жартылай финалына жолдама алған еді. Алайда ол жарақатына байланысты жарысты арықарай жалғастыра алмады.
Дейтұрғанмен Рыбакина WTA рейтингтегі позициясын жақсартып отыр. Айтулы тізімде үздіктер көшін Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Ал екінші орынға польшалық Ига Швёнтек, үштікті америкалық Кори Гауфф түйіндеуде. Айта кетейік, қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жеті орынға төмендеп, әлемдік рейтингте 76-орынға жайғасты.
Талқылау

