Елена Рыбакина Дубайдағы турнирдің алдында жарыс жолынан шығып кетті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина бүгін үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек еді.
Алайда қазақстандық теннисші арқа жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, К.Гауфф ойнамастан ширек финалға өтті.
Е.Рыбакина сондай-ақ ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сындағы матчтан сырт қалды. Енді қазақстандық теннисші наурыз айында АҚШ-та өтетін мастерс жарыстарында бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубайда АҚШ чемпионын ұтқанын хабарлаған болатынбыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

