Елдос Сметов әлемнің ең үздік дзюдошысы атағына үміткер
Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов халықаралық "Жыл дзюдошысы" атағына үміткер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халықаралық дзюдо федерациясы "Жыл дзюдошысы" атағына үміткерлердің тізімін жариялады. Бұл тізімде дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері және Токио олимпиадасының қола медаль иегері Елдос Сметов бар. Одан бөлек, үміткерлердің араларында екі дүркін олимпиада чемпиондары да бар. Үміткерлердің барлығы Париж олимпиадасының чемпиондары. Халықаралық жыл дзюдошы атығына үміткерлер:
- Хифуми Абэ (Жапония)
- Хидаят Гейдаров (Әзірбайжан)
- Лаша Бекаури (Грузия)
- Елдос Сметов (Қазақстан)
- Таканори Нагасе (Жапония)
- Зелим Коцоев (Әзірбайжан)
- Тедди Ринер (Франция)
Айта кетейік, 2023 жылғы "Халықаралық жыл дзюдошы" атағын ерлерден грузиялық Тато Григалашвили алса, әйелдерден жапониялық Ута Абэге иеленген еді.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған

