Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Елбасы менің әнімді тыңдауға келді

Ерке Есмахан Түркістан қаласына арнайы келді. Әнші рухани ордаға елбасының алдында өнер көрсетуге келгенін айтты. Алайда қаланы аралап үлгермепті. 

"Киелі Түркістанға ән салуға келдім. Ал елбасы менің әнімді тыңдауға келіпті. Жүздесіп мәз болып қалдық. Жаңа қаланы аралап үлгермедім. Қыдыру "мәселесіне" алдағы уақытта арнайы келем. Еліміз аман болсын! Барлық қалалар Түркістан сияқты түрлене берсін”, – деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушыларының бірі сенбестік танытса, енді бірі құттықтап жатыр. 

"Елбасымен селфи бар ма?", "Керемет.Аман бол ерке қыз", "Өнеріңіз өрге жүзсін", "Негізгі ауылдың болмысын күшті образға кіргізесіз. Әп-әдемі, тәрбиелі келіншек, кішкентай құлыншағыңның қызығын көр", "Елбасы сенің әніңді тыңдау үшін барды ма, әлде сен арнайы бардың ба?"- деп жазды олар.

Талқылау