Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ерніңіз сұмдық": Мақпал Исабекова тағы да сынның астында қалды

Әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі парақшасында бетті әрлеуден мастер-класс көрсетемін деп сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Оқырмандары әншіні ерніңізді екпенің көмегімен қатты үлкейтіп жібергенсіз деп айыптады. Бет әрлеуді үйретемін деп ойлаған әнші парақшасында жазба қалдырған.

«Импровизация. Кері байланыс күтемін», - деп жазды ол.

Алайда, өнер адамының бет-бейнесіне көңілі толмаған жұрт оған жағымсыз пікірлерін жаудырды. 

 

«Мақпал, сіз екпесіз де әдемі едіңіз, қатты кетіп қалған сияқтысыз», «Ерніңізге не болған?», «Ерніңіз сұмдық», «Кұлап қалып, бетің түсіп қалмасыншы. Мəке, былайынша-ақ сұлулығың баршылық еді ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр