Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Экология министрлігі Жайық өзенінің тартылу себебін түсіндірді

БАҚ-та жарияланған ақпараттан кейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзенінің тартылуы және Атырау маңында аралдар пайда болуының негізгі себептерін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тексеруді Су ресурстары комитетінің Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы өкілдері Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп жүргізді.

“Бұл жер желді және желден пайда болатын су толқыны аймағында орналасқан. 19 және 20 қыркүйекте солтүстік-батыстан соққан жел Каспий теңізі деңгейіне әсер етті, сондықтан Жайық тартылып, аралдар пайда болды. Қазір бұл аймақта оңтүстік-батыстан жел соғады, сондықтан судың кері толқыны болып, аралдар суға толады”, – делінген хабарламада. 

Мамандар соңғы жылдары өзен бассейнінде су азайғанын атап өтті. "Январцево" өлшеу станциясы шекаралық учаскесінде байқалған ағын 3,5 - 5,5 текше шақырымды құрады, орташа жылдық ағыс 8,14 текше шақырымға жеткен.



Жайық өзенінің негізгі ағысы Ресейдің 80%-ға дейін аумағында орналасқан. Қазіргі уақытта Ресей аумағында Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Ириклин су қоймасының көлемі 2 681 миллион текше метрді құрайды. Экология министрлігі 2020 жылдың ұқсас кезеңінде су қоймасының көлемі 2 808 миллион текше метрді құрағанын, ағызу секундына 14,3 текше метр болғанын атап өтті. 

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 22 Қыркүйек, 2021 10:58
Талқылау