Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша Пірімқұлов Ахметжан Әбдіжамилұлы Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Бұл туралы премьер-министр сайтында хабарланды.

Ахметжан Пірімқұлов 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

2000 жылы Тараз мемлекеттік университетін «экономист» мамандығын, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «заңгер» мамандығын алды. Заң ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысы прокуратурасының маманы ретінде бастады, сот жүйесінде жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары болды.

2016 жылдың маусымынан 2017 жылдың қараша айына дейін ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 

2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы болды.

Талқылау