Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Екі мәшиненің құны": Нұрлан Еспанов қымбат шаңсорғышы туралы айтып мақтанды

Нұрлан Еспанов екі мәшиненің құнына тең шаңсорғышты айтып мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі өнер иесі үйінде болған шаңсорғышқа қатысты жағдайды айтып берді. Зымыран сияқты шаңсорғыш көріп таңданған Нұрлан Еспанов техниканы үйге келіп сататындарды мазақтап күлдірді.

"Мен үйге келсем, келіншегім шаңсорғыш әкеліп қойыпты. Ондай шаңсорғыш көрген емеспін. Ұшыратын ракета ма деп қалдым. Ол оталса, сұмдық оталады екен. Сөйтсем, бір қыз шығып келе жатыр. "Нұрлан аға, үйіңізге шаңсорғыш алып келген едік. Алмасаңыз, алмай-ақ қойыңыз, жай ғана көрсетейік" деді", - дейді Нұлан Еспанов.

Шаңсорғыштың дауысының қаттылығы соншалық, тіпті төменгі қабаттағы көршісін де шаршатқан сыңайлы. Бірақ өнер иесі техниканың қуаттылығына риза болып сатып алмақшы болған. Алайда, Нұрлан Еспанов шаңсорғыштың бағасын көріп қорқып қалған екен.

"Анау оталдырып еді, оталған кезде дауысы сұмдық. Кілемді тазалап жатыр еді төменгі қабатта тұратын көршім келді. "Айналайындар-ау, кілемім төбеге жабысып қалды ғой" деді. Екі үйге бір шаңсорғыш жетеді екен ғой десем, шаңсорғыш кәдімгідей қымбат тұрады екен. Сол кездегі екі мәшиненің ақшасы екен ғой", - деп күлдірді өнер иесі. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр