Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі күн ішінде 700 адам ұсталған: ІІМ митинг кезінде түсірілген видео жариялады

ҚР ішкі істер министрлігі 9-10 маусым күндері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында болған митингілер кезінде түсірілген видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

"Бірінші күні 500, екінші күні 200 адамдай ұсталды. Алғашқы күні 500 адамның 400-і жауапкершілікке тартылса, екінші күні 150 адам тартылды", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз. 

Сондай-ақ, ол митинг кезінде үш полицейдің жарақат алғанын жеткізді. Айтуынша, екі полицейдің басына тас тиген. Ал үшіншісінің көзі күйген. 

Естеріңізге сала кетсек, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жүздеген адам митингіге шығып, сайлау туралы ойын ашық білдірген болатын. "Алматы аренада" өткен жиындардың бірінде айтыскер ақын Ринат Зайытов тұтқындалды

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр