"Екі көзі көрмей зағип болып қалды": Азамат Сатыбалдының анасы туралы жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті

Азамат Сатыбалдының анасы туралы жазған жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына анасы туралы жазба жариялаған. Балалық шағын осылайша еске алған ол анасының батамен бақытты болғанын жеткізді. Азамат Сатабылды өмірге әкелген жанның бүкіл ғұмырын отбасына арнағанын айтып мақтанды. Әжесінің асты-үстіне түсіп, көзі көрмей қалса да жағдайын жасап, келіндік міндетін орындаған анасына өнер иесі дән риза.

"Бақыт батада. Біз тоғыз ағайындымыз. Мен кенжесімін. Әкем қызметте, ал анам өмірін отбасына арнады. Әкемізді көп көрмейтінбіз. Таңатпай жұмысқа кетіп, біз тәтті ұйқыда жатқанда келетін. Үйдің шаруасымен анам айналысты. Атам өмірден өткен соң, әжемнің екі көзі көрмей зағип болып қалды. Сол кезде анам әжемнің жағдайын жасап, қасынан бір елі кетпеді. Уақыт келе әжем төсек тартып қалды. Әжем жатқан бөлмеге тек анам ғана кіретін. Анам, әжемнің астын тазалап, төсек көрпесін күнде жаңалап, ластанғанын жуып келесі күнге дайындап қоятын. Ішетін тамағын да өз қолымен беріп жүрді", - дейді Азамат Сатыбалды.

Одан әрі өнер иесі анасының барлық жұмысқа үлгеретініне таңданысын жасырмады. Ал, әжесі қайтқан кезде анасының қаншалықты қиналғанын көргенде жүрегі қанжылаған көрінеді. Осылайша Азамат Сатыбалды жұрттың жүрегін елжіретті.

"Біздің жағдайымызды жасап, күйеуін де күтіп, әжеме де қарап үлгеретін. Таң ертең әкемді жұмысқа жіберіп, бәріміздің мектеп киімімізді дайындап қоятын. Балаларын кезегімен мектепке жіберіп, өзі әжемнің көңілін аулайтын. Қайтыс болар алдында әжем қатты қиналды. Сол кезде бізді тездетіп далаға шығарып өзі күн ұзақ әжемнің қасында болды. Әжеммен бірге анам да қатты қиналды, бірақ берілмеді. Әжем өмірден өткенде, анам егіліп қатты жылады", - дейді актер.

Бала кезінде ақымақ болғанын, көп нәрсенің байыбына бармағанын айтты Азамат Сатыбалды. Ол бата алған адамның жаман болмайтынын, жасаған жақсылығы алдынан келетінін түсіндіруге тырысқан.

"Мен баламын ғой, көп нәрсені түсінбеппін. Арада талай жыл өтті. Жақында анам "Мен бақытты жанмын. Менің бақытым енемнің батасында екен. Мен бата алған келінмін, сол алдыма келді Құдайға сан мың шүкір" деді. Еріксіз көзіме жас алдым. Анам қазір сексен бірде, Құдайға шүкір. Алтын құрсақты аналарымыз аман болсын", - дейді Азамат Сатыбалды.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Оқиға 24 тамыз таң ата орын алды
Çàãðóçêà...