Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі көлігін иемденіп алған: Алматы облысында әйелді сан соқтырып кеткен альфонс ұсталды

Алматы облысында әйелді алдап, алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Пара алған: Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Ведомство мәліметінше, Есік қаласының тұрғыны облыстық полиция басшысына жүгіні, шағымданған. Әйел ер адамның өзінің екі көлігін иеленіп, мың доллар ақшасын алып, қайтармағанын айтып, көмек сұраған. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Үрімхановтың айрықша бақылауына алынды. Ол жедел қызметтерге күдіктіні ұстауға бағытталған тиісті шараларды қабылдауды тапсырыпты. 

«Күдікті 22 қарашаға ауған түні ұсталды. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Көліктердің бірі табылды. Екіншісі әзірге іздестіріліп жатыр», - дейді полицияның генерал-майоры Мұрат Үрімханов. 

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» және «Жалған құжаттар жасау» баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған дерек бойынша тергеу облыстық полиция басшысының бақылауында. 

Талқылау