Екі баланың анасы күйеуінің көзіне не себепті шөп салатынын түсіндірді

Отандық арналардың бірінде бет әрлеуші болып жұмыс істейтін келіншек, екі баланың анасы отасқандарына жеті жылдай уақыт болғандарына қарамастан күйеуінің көзіне бірнеше мәрте шөп салғанын айтады. Есімін көрсетпеуді сұраған әйел мұны күйеуімен арадағы қарым-қатынасы нашарлағанымен, өзіне жылу, махаббат керектігімен түсіндіреді.

Көпбалалы отбасынан шыққан Қызылорда облысының тумасы әу бастан-ақ жұбайы екеуінің арасында махаббат болмағанын айтады. Өзінің жүріп жүрген жігітімен кикілжің шығып, жаңадан танысқан жігітке күйеуге тезарада ерегісіп шығып кеткен. Бір ұл, бір қыз өсіріп отырған әйел балалары үшін бірге тұрып жатқанын, жұмыс бойынша кездесетін түрлі еркектермен “көңіл көтеретінін” айтады.

“Менің жұмыс уақытым бекітілмеген – ненормированный – болғандықтан, кейде кино, басқа жобалардың түсірілімдерінде бет әрлеймін. Соны сылтауратып, кешке пәтер жалдап, көңіл көтереміз. Күйеуім мені жұмыста жүр деп ойлайды, түк сезбейді”, – дейді әйел.

Өмірде де өзіне басқа лақап ат алып, сол атпен ортасында танылған келіншек бірнеше рет отбасылы, балалы-шағалы еркектермен де кездескенін, ондай жағдайы кедергі болмайтынын жеткізді. Айтуынша, Ернар Айдар, Тәуекел Мүслім сынды жұлдыздармен де жұмыс істейді. Күйеуімен арақатынасы түзелетініне күмән келітеретін келіншек, алдағы уақытта да осылай өмір сүре беремін дейді. Алматыда өз сән салонын ашқан әйел өміріне риза екенін жасырмайды.

Айтуынша, өзі қызмет етіп жүрген ортада мұндай жағдайлар үйреншікті, жиі орын алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр