Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі адам өртеніп, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр: Щучинскіде ірі жол апаты болды

Щучинск қаласында болған апатта жүргізуші мен жолаушы қайтыс болды, тағы екі адам жанып жатқан көліктен құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі адам өртеніп, екеуі жансақтау бөлімінже жатыр:Щучинскіде ірі жол апаты болды

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қыркүйек күні түнгі сағат 3 шамасында Щучинск қаласында ірі апат болды. Полиция сержанты Руслан Жаналықовтың айтуынша, ол әріптесі, полиция сержанты Медет Бекжановпен бірге Щучинск көшелерінде түнгі патрульге шыққан.

«Шамамен сағат 2: 42-де экипажға Морозов көшесіндегі апат туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері апат болған жерден алыс емес еді. Жанып тұрған шетелдік көлікті көрген полицейлер өрт сөндіргіштерді алып, жалынды сөндіруге кірісті. Алайда үш өрт сөндіргішті қолданғанымен де өртті тоқтатып, орындар арасында қысылып қалған жүргізуші мен жолаушыны құтқару мүмкін болмады», - деп хабарлады департамент.

Артқы орындықта тағы бір жолаушы отырды. Өрт сөндіргішпен әйнекті сындырғаннан кейін полиция ес-түссіз жатқан жолаушыны шығарып алды.

«Жолаушыны құтқарған кезде тәртіп сақшылары тағы бір адамның барын байқаған, бірақ оны терезеден шығаруға мүмкіндік болмады. Содан кейін полицейлер мен екі куәгер көліктің жанындағы есіктен жолаушыны сыртқа шығарды. Бұл уақытта оның денесінің жоғарғы бөлігі күйіп қалған болатын», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полицияға екі куәгер жігіт көмектесті. Кейін белгілі болғандай, BMW көлігінің жүргізушісі жолдың дымқыл төселген жағдайында рульді басқара алмай, ғимаратпен соқтығысып, жылу магистраліне зақым келтірген.

Апат салдарынан көлік өртеніп, 24 жастағы жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі жолаушы күйік ауруханасында жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп қорытындылады департамент.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бекер сұраппын соны...»: Ақбота Сейітмағамбет Дәуреннің кесірінен фильмге түсуден бас тартқан

Әншіні тек жаман рөлдерге ойнауға шақырған

Павлодарда түрмеден шыққан жігіт бір апта ішінде 8 ұрлық жасады

Айыпталушы ерекше әдіспен үйлерді тонаған

Әкесі мен ұлы көз жұмған: Ауыр жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшы есін жиды

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр

Көліктер батып қалған: Желіде Алматыда су басқан көшенің видеосы тарады

Видеодан судан бу шығып жатқаны көрінеді

Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды

Тимур Тоқаев - саясат ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер

Ғалымдар қызанақтың белсіз ерлерге пайдалы екенін анықтады

Қызанақтың құрамындағы ликопен ерлердің ұрық жасушаларын көбейтіп, белсенді етеді

Назарбаев тайфун салдарынан қаза болғандардың өліміне байланысты Жапония императорына көңіл айтты

«Хагибис» тайфуны салдарынан 47 адам қаза болып, тағы 15 адам хабарсыз кетті

"Балаларға бір үзім нан табудың өзі қиын": Көпбалалы отбасының АӘК-сін тоқтатып, ақшаны қайтаруын талап еткен

Жеті баланың анасы отбасын жалғыз өзі асырауға мәжбүр

Құрбанын селфидегі көзінің қарашығы арқылы тапқан: Жанкүйері жас әнші қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Айыпталушы әншінің темір жол стансасында екенін суреті арқылы анықтады

Қазақстандық азаматтың асқазанынан ішіне кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Ер адам 15,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Çàãðóçêà...