Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір үйде тұрмасақ, қызық емес": Меркіде екі абысын бір үйде тату-тәтті өмір сүруде

Тараздың Меркі ауданында тұратын бір әулеттің екі келінінің тату-тәтті өмірі көпшіліктің тәнті етуде. Абысын деген атымыз ғана болмаса туған апалы-сіңлідейміз деген олар тұрмыста ешқандай түсінісіпеушілік болған емес дейді. Stan.kz тілшісі хабарласып, абысындардан бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрудің құпиясын білді. 

абысынки

Жарас әулетінің келіндері Алия мен Әсел туған апалы-сіңілі сияқты болып кеткен. 

Екі жыл бұрын түскен Алия - кіші келін, жасы 24-те. Қазір бір қызы бар. Медициналық университеттің 7-нші курсында оқиды. 

- Абысыныңыздың қай қасиетін бағалайсыз? 

- Жеңгемнің адамгершілігі, кішіні де, үлкенді де сыйлай білетіні ұнайды. Әрқашан жарқынжүзді, барлығымен сыйластықта болып жүретінін бағалаймын. Аз уақыттың ішінде өз әпкемдей болып кетті, - деген ол абысынын ерекше құрметтейтін айтты.  

- Екі абысынның бір үйде тұруы қиын емес пе? 

- Ол кісімен бір үйде тұрмасақ, керісінше, маған қызық емес. Тіпті, қиындау болар еді. Себебі ол кісі білмегенімді үйретіп, көрсетіп жүреді, - деп Әлия абысынымен тұрудың артықшылықтарын айтып өтті.  

- Енеммен тұру ешқандай қиындық тудырған жоқ. Өз үйімде жүргендей осы үйде де жүремін. Енем білмеген жерімізді көрсетіп, ақылын айтады. Басында жаңа ортаға үйрену қиындау болды. Қазір енем өз анамдай, абысыным өз әпкемдей, - деп ағынан жарылды ол. 

абысынки

- Абысын мен енемен тұрудың қандай қиындықтары болады. Сіздерде кейде келіспей қалушылық болады ма? Енелер мен келіндердің арасындағы бітпейтін дау неден деп ойлайсыз? 

- Менің басымнан ондай жағымсыз жағдайлар өтпеді. Біздің енеміз балаларына қарағанда келіндеріне жақын. Көбінесе ене мен келін арасындағы кикілжің бір-бірін түсінбегеннен, енесі келнін қызындай көрмегеннен болады деп ойлаймын. Абысындардың тату болуы тікелей енеге байланысты, себебі екеуі бір-бірін жақын тартуы, кемшіліктерін кешіре білуі тікелей ененің даналығы арқылы уақытымен келеді, - деп Әлия текті жерден шыққан қыз екенін көрсетті.

- Қанша тату- тәтті дегенмен бөлек шығатын уақыт келеді. Бөлек шығу туралы енеңізге айтпадыңыздар ма? 

- Сегіз жылдан бері бірге тұрғанға үйреніп қалғанбыз. Жақында үйдің қасынан біз үшін бөлек шаңырақ салынып жатыр. Бірақ ошағымыз бір, - деген Әсел ата-ене мен абысындардың қасында тұру бір бақыт екен айтады. 

Мұғалім болып істейтін Әсел абысыныммен бұлай тез жарасып кеткеніміз мінезіміздің ұқсастығынан деп отыр.  

 

Талқылау