Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Екеуі ағайындылар сияқты еді": Күйеу баласын өлтірді деп айыпталған боксшының анасы мән-жайды баяндап берді

Кісі өлтірді деп айыпталған қостанайлық танымал боксшы Аслан Мұқановтың анасы ұлымен сөйлескенін айтып, мән-жайды баяндап берді.

Сурет: «Костанайские новости»/Сергей Миронов

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тергеу мәліметтері бойынша, Аслан Мұқанов өзінің күйеу баласы Серік Пішенбаевты «дұрыс өмір сүрмегені және қарындасына деген нашар қарым-қатынасы үшін» өлтірген. Боксшы таңертең қарындасының үйіне келіп, төсекте жатқан күйеу баласын пышақтап тастапты. 

«Ол тұтқындалған күні: «Серікті не үшін өлтірдің? Неліктен жиеніңді жетім, қарындасыңды жесір еттің?» - деп сұрадым», - дейді боксшының анасы.

Марқұм Серік Пішенбаев пен оның жұбайы Ақжан таяуда шаңырақ көтергендеріне 5 жыл толатынын атап өтпек болған. Жеті ай бұрын олардың қызы дүниеге келген екен. 

«Серік қызымды алақанында аялап ұстайтын, отбасымызға жақсы қарады. Қандай нашар қарым-қатынас туралы айтуға болады? Біздің қонаққа келгенімізді ұнататын, бәріне жақсылық тілейтін. Асланмен ағайындылар сияқты еді... Аслан Колумбияда болғанда, тіпті оған ақшалай көмектесіп, бұл туралы ешкімге тіс жармаған еді», - дейді күдіктінің анасы. 

Әйел ұлына деструктивті діни ағым өкілдері теріс әсер еткеніне сенімді. 

«Соңғы күндері ол басқа әлемде өмір сүріп жүргендей болды. Оның ойында не бар екенін білгенімде, қолына кісен салып, үйде отырғызып қояр едім», - дейді анасы. 

Аслан Мұқанов бала күнінен спортқа қызыққан. Басылым мәліметінше, ол әуесқой бокста жоғары дәрежелерге жеткен. Артынша кәсіпқой боксқа ауысып, Майамиге кетіп қалған. Сол жақта 6 рет жеңіске жетіп, танымал промоутер Нельсон Лопес серіктестікті бастаған. 

Аслан артынша Майамиден Колумбияға аттанған. Ол жақта боксшы ақшадан тарыққан көрінеді. Туыстарының сөзінше, жағдайдың нашарлағаны сонша, оған венесуэлалық босқындармен бірге тұруға тура келіпті. Мұнан кейін боксшы бәрін тастап, Майкаоға жаяу аттануды ұйғарады. Ал 26 маусымда үйіне қайтып келген. Ата-анасына өзіне жұмыс істегісі келетінін айтыпты. 

«Оның күлмейтінін байқадым. Хабарласу үшін телефон бердік. Ол үнемі телефонға үңіліп, өз әлемінде жүретін... Бізде жарықты жиі өшіретін кездер болады. Бірде ол: «Үш минуттан кейін жарық өшеді», - деп айтып қалды. Расымен де солай болып, бәрі таңғалды. Сол кезде осы сәйкестік үшін ол өзінің адасып жүрген жолына одан сайын сене бастаған шығар. Бірде маған: «Ана, адамның өмірі мұншалықты қысқа екенін білесіз бе», - деп айтып, саусағымен мойнындағы аралықты көрсетті. Оның не айтпақ болғанын ешкім түсінбеді. Таңертең үйден басқа адам болып шығып, кешке мүлде басқа болып қайтып келетін. Туыстары мұны басынан өткен жайттардан кейінгі күйзеліс деп ойлады», - дейді Мұқановтың анасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы адам өлтірді деп күдіктеліп, тұтқындалғанын хабарлаған едік. Артынша оның өз туысын өлтіріп алғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабына (Кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тұтқындалып, екі айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Диетасыз арықтаудың тиімді жолы табылды

Жай пиццаның өзінде 678 калория бар, үлкен пиццада — 1923

Танымал тележурналист Димаш Құдайбергенді әлемнің жаңа секс-символы атады 

Әнші "Olympic" атты әсем әнімен Сочи қаласында өтетін "Новая волна" жас дарындар байқауын ашты

Қазақстандық әйел бір жыл бұрын ресейлік экс-күйеуі алып қашқан баласымен қауышты

Ашынған ана Владимир Путиннен баланы қайтарып беруді сұраған

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған
Çàãðóçêà...