БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Егіздің сыңарындай": Желідегілер Жанар Дұғалованың әкесімен ұқсастығына қайран қалды

Желідегілер Жанар Дұғалованың суретін көріп, әкесімен ұқсастығына қайран қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында әкесімен түскен ескі суретін жүктеп, жұртты таңқалдырған. Әкесін туған күнімен құттықтаған өнер иесін жұрт әкесінен аумайды екен деп жатты.

"Туған күніңмен, әке. Жақсы көремін", - деп жазды Жанар Дұғалова.

Өнер жұлдызының жазбасына желідегілер пікір білдіріп, тыңдармандары ойларын ортаға салды. Жанар мен әкесінен ұқсастық көретіндерін де жасырмады олар.

"Егіздің сыңарындай ұқсайсыздар", "Әкеңіз тіпті әдемі", "Жанар, әкеңнің көшірмесі екенсің. Құтты болсын!", "Әкесінің қызы екені көрініп тұр", - деп жазды жұрт.

 

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр