Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕАЭО мен Қытай доллардан бас тартуға ниетті

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Қытай доллардан бас тартқысы келеді. Бұл туралы "Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасының тоғысуы" форумында айтылды.

доллар

ЕАЭО мен Қытай арасындағы доллар мен еуроны пайдалана отырып жасалған есеп айырысулар бизнес үшін де, осы елдердің бюджеті үшін де шығындар алып келеді. Оларды болдырмау үшін, сондай-ақ халықаралық санкцияларға тәуелді болмау үшін ЕАЭО мен Қытай ұлттық валюталарда немесе өзінің ұлттықтан жоғары валютасында есеп айырысуды жүзеге асыруы тиіс.

"Өзіміз анықтамайтын бағамен сауда жасау біздің компанияларымызға айтарлықтай шығын әкеледі. Айтарлықтай шығындар экономикамызды оффшорлаудан да туындайды", - деп мәлімдеді ЕЭК интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі Сергей Глазьев.

Қытай Халық университетінің макроэкономикалық зерттеулер департаментінің директоры Лю Юйдің айтуынша, транзакцияларды үнемдеуге және тәуекелдерді жоюға мүмкіндік беретін ең перспективалы жол - бұл цифрлық ұлттық валютадағы есептеулер. Бірақ әзірге, оның айтуынша, бұл мүмкіндік тек талқыланып жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр