Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Димашқа сыйлық жасады 

Әйгілі актер Джеки Чан қазақ әншісі Димаш Құдайбергенге сыйлық жасады. Әнші актердің қарапайымдылығына тәнті болды.

Бұл туралы Димаш Инстаграм парақшасында жазды.

“Джеки ағаның қарапайымдылығы туралы айтпаса да белгілі. Бала кезден сүйіп өскен актерім маған әрдайым көріскенде батасын беріп, жол сілтеуден тайынбайды. Бүгін ағамыздың жаңа үнтаспасының тұсау кесерінде болдым. Қолымдағы Джеки ағаның берген сыйлығы. Дәстүріміз бойынша заманауи шапанымды киіздім. Көңіліңізге, пейіліңізге үлкен рахмет. Күллі әлемді аузына қаратқан кісі осынша қарапайым болып жүргені қатты қуантады. Ұзақ ғұмыр тілеймін”, – деп жазды Димаш.

Желі қолданушылары Димашқа құтты болсын айтып жатыр. Актердің қарапайым жан екенін сөз етті.

“Осындай әйгілі адамнан сый алған сен де азаматсың, Димаш, жарайсың”, “Сыйластықтарың мәңгілік болсын”, – деп жазды желідегілер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау