Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дұға жасауын сұраймыз": Анастасия Заворотнюктің отбасы алғаш рет оның дерті туралы айтты

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюктің отбасы алғаш рет оның дерті туралы айтты. Олар соңғы уақытта «Менің тамаша бала күтушім» телехикаясының жұлдызының денсаулығына қатысты тараған ақпараттарды жоққа шығарды. Тиісті жазбаны жақындары Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заворотнюктің жақындары оның денсаулығына қатысты өз шындығын айтты. Олар актрисаның комада болғанын, жасанды тыныстандыру құрылғысы қосылғанын жоққа шығарып отыр. Сонымен қатар оның есін жоғалтқаны, сал болып қалғаны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«Мұның бәрі ойдан құрастырылған», - дейді актрисаның туыстары. 

Десе де Заворотнюктің туыстары оның дертке шалдыққанын жасырмады. 

«Ауру бар және оны жеңеміз деген нақты мақсат бар. Шындық осы. Біз уайымдайтындар адамдардан шын ниетімен жұға жасап, жақындарының дертке қатысты мәліметтерді жариялағысы келмейтініне құрметпен қарауын сұраймыз. Бұл біздің жеке мәселеміз», - деп жазды Заворотнюктің туыстары.

Қатерлі ісіктің белгілерін қалай анықтауға болады >>>

Сонымен қатар туыстары ауру туралы «ойдан құрастырылған» мәліметтерге және осы тақырып арқылы өзін танымал еткісі келетіндердің негізсіз болжамдарына сенбеуге шақырды. Еске сала кетсек, бұған дейін Анастасия Заворотнюктің мидың қатерлі ісігіне шалдыққаны туралы қауесет тараған еді. Актрисаның көршілері оның толып кеткенін және басына орамал тағып алғанын айтыпты.  Ал әртістің ресми өкілдері бұған дейін оның дертке шалдыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарған-ды.

Талқылау