Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бағаның көтерілуіне халықтың өзі себепші": Дүкен сатушылары азық-түлік бағасының қымбаттауын түсіндірді

Бүкіл әлемді жайлаған жаһандық пандемияның экономикалық жағдайға әсер етпей қоймасы анық. Әсіресе зардап шегетін шағын кәсіп пен орта бизнес өкілдері екені айтпаса да түсінікті. Жергілікті дүкендер мен жеміс-жидек сатушылары карантин кезінде сауданың бұрынғыдай емес екенін айтады. Stan.kz тілшісі дүкендерді аралап саудагерлердің хәл-ахуалын сұрап, карантин кезінде  халық ең көп сатып алатын заттарды біліп қайтты.

дүкен

Әуезов ауданына қарасы дүкендердің бірінде сатушы болып істейтін Назгүл апай доллар бағамы көтерілген соң заттардың бағасы да азды-көпті өскенін жасырмайды. Ал бағаның өсуіне тек доллар бағамы емес, халықтың дүрбелеңге бой алдырған басты себеп дейді. 

"Халық карантинге қала жабылады дегенді алғаш естігенде жапа тармағай дүкендерді талан-таражға салды. Сөйтіп бағаның көтерілуіне өздері себепші болды", - деген Назгүл карантин кезінде сауда бұрынғыдай еместігін айтады.

"Сауда қызып жатыр деп айта алмаймын. Адамдардың бәрі үйінде отыр. Бірақ кейбір заттарға тоқтаусыз сұраныс бар. Әсіресе, нан, сүт, күріш, сұйық май, қант, макарон өнімдерінен бөлек қарақұмық жақсы өтті. Бағаның өскеніне қарамай алып жатыр. Ешкім неге қымбаттады деп те сұрап жатқан жоқ. Тіпті күнделікті алып жүрген ұнымызды базардан 560 теңгеге алып, бағасын көтеріп жібергеніне қарамай, 630 теңгеге саттық. Оған қарап жатқан тұрғындар жоқ, алып жатыр. Ал "Магнумда" 425 теңгеден жеңілдікпен сатып жатыр екен. Оны білмей қалдық", - деген ол спиртті ішімдіктерге сұраныс тек дезинфекция үшін екенін айтады.

"Қазір ішімдіктерді тек қана дезинфекция үшін сатып алады. Арзан спирттерді қолдарын шайғанға алып жатыр. Бірақ көп нәрсе тұрып қалды. Адамдардың барлығы үйінде болған соң кейбір заттарымыз өтпей жатыр. Сосын ең көп өтіп жатқаны "Джин" пістесі мен отбасылық балмұздақтары. Одан кейін әжетхана қағазы да бұрынғыға қарағанда көп өтіп жатыр", - деген ол тұрғындардың алма, лимон сынды жемістерді қарқынды түрде алып жатқанын айтты. 

"Ең көп өтіп жатқан өнім - нан. Одан кейін пісте мен сүт. Халық карантинді естігеннен барлық заттарды үлкен маркеттерден алып қойған. Бізге көп келмейді. Спирттік ішімдіктерге сұраныс көп деп айта алмаймын. Бұрынғысынша, бірақ кейбірі ішуге емес қол шайюға алады", - дейді келі бір дүкен иесі. 

Ал жеміс-жидек сататын дүкендердің жағдайы тіпті қиын. Көше бойындағы жеміс-жидек сатушысына барғанымызда иесі бір аптаға жабылғанын айтты. Өйткені базарлардың бәрі жабық, сататын тауар жоқ.

 

Дайындаған: Жанна Мәлік

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр