Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубай билеушісінің әйелі 40 миллион долларды алып қашып кеткен

Дубайдың билеушісі шейх Мохаммед бин Рашидтың әйелі, ханшайым Хая балаларымен бірге 40 миллион долларды алып қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеп.

Хая ханшайым  ақпан айының басында жоғалып кеткен. Ол Германияда 11 жасар қызымен және 7 жасар ұлымен бірге жасырынуы мүмкін деп болжануда.

Басылымның мәліметтері бойынша, ханшайым өзінің қауіпсіздігі үшін қорыққандықтан шейхті тастап кеткен. Германияға келгеннен кейін ол баспана жалдап, бірден ажырасуға арыз берген. Ол күйеуінен алып кеткен ақшаны "жаңа өмір" бастауға жұмсаған.

Басылымның болжамы бойынша, Мохаммед бин Рашид зайыбының қашуы Германия мен БАӘ арасындағы дипломатиялық дағдарыс тудыруда. Дубайдың билеушісі Берлиннен оның отбасын кері қайтаруды талап еткен, бірақ Германия оларды бермеген.

Желтоқсан айының басында 2018 жыл патшаның қызы қашып кеткен. Оның туыстары БАӘ аумағында қауіпсіз екенін айтады. 

Талқылау