Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп сайлаудағы жеңілісіне "кінәлілерді" атады

Дональд Трамптың ойынша ірі фармацевтикалық және технологиялық компаниялар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары оның АҚШ президентін сайлауда жеңілгенін қалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

трамп

"Ірі фармацевтикалық компаниялар сайлауда жеңіп тұрған маған қарсы миллиондаған долларлық теріс жарнаманы жүргізді. Бірақ, білесіз бе, біз мұны анықтаймыз. 74 миллионға жуық дауыс. Бізге қарсы ірі фармкомпаниялар болды. БАҚ бізге қарсы болды. Ірі технологиялық компаниялар бізге қарсы болды", - деді Трамп.



Ол сонымен бірге ең ірі дәрі-дәрмек өндірушісі Pfizer-ді қазіргі мемлекет басшысының жеңіске жету мүмкіндігін арттырмау үшін неміс BioNTech-пен бірге жасалған вакцинаның сәттілігі туралы мәлімдемені әдейі кешіктірді деп айыптады.

Еске салсақ, АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтіп еді. Сайлау қорытындысы бойынша Джо Байден жеңіске жетті. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр