"Диванда жатқанды жақсы көреді": Меруерт Түсіпбаева қазақ жігіттерін жерден алып, жерге салды

ҚР Еңбек сіңген әртісі, әнші Меруерт Түсіпбаева жасы елуден асса да, жас жігіттерден жиі хат алатынын жасырмады. Өнер иесі оған "кездескім, жүздескім келеді" деп жазатын ер азаматтардың басым бөлігі альфонстар екеніне сенімді. Түсіпбаева қазіргі қазақ жігіттерінің кей іс-әрекеттеріне таңғалатынын айтып, оларды жалқаулығы үшін сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әншінің өнеріне ғана емес, сыртқы келбеті мен образына ғашық болып, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылып жатқан жандар жеткілікті. Өнер иесінің қыр-соңынан қалмай, жұлдыздың көңілін аулауға тырысатын қыз-жігіттердің мұндағы мақсаты қандай екенін дөп басып айту қиын. Біреудің кеудесін шыныменде сезім кернесе, тағы да басқа адамның бойын арам-пиғылдары билеуі мүмкін. Әнші Меруерт Түсіпбаева өзіне сезімін білдіріп, хат жазатын ер адамдардан дәл осыны аңғарған көрінеді. Ол өзімен танысқысы келгендерді зерттеп, олардың басым бөлігі "дайын асқа тік қасық болғысы келетін" альфонс жігіттер екенін анықтапты. 

""(...) Қазақтың жігіттеріне не болғанын білмеймін, сынап көреміз дей ме әлде шынында да сондай бір ойлары бар ма? Әйтеуір маған өлтіріп тұрып хат жазады. Ал түрлеріне қарасаң бала. Сосын: "Құдай сақтасын. Мыналарды мен не істеймін? Тәрбиелеймін бе? Бала қыламын ба? Асырап аламын ба? — деп ойлаймын.(...) Өмір сүру қиындап  барады. Ел азаматтары жалқау, кішкене диванда жатқанды жақсы көреді. Олар мен жайлы: "Ерігіп жүрген әйел. Баласы бар болса, мейлі. Өзі сыртта. Бастысы үй болса, төсек салулы тұрса, былқ етіп түсейін. Prada-ны жүргізейін", — деп ойлайтын шығар, қайдан білейін", — деп күлді әнші. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түсіпбаева өзін кәрі әйелмін деп, жас жігіттерге отбасы құра алмай жүрген қыздарды бақытты етуге кеңес берді. 

 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін растап, болжамды «жағымды» деңгейіне дейін жақсартты 

"Moody's" халықаралық рейтингтік агенттігі "Банк ЦентрКредит" АҚ рейтингін халықаралық шкала бойынша растады.

Сайқымазақ Саматты ұрған студент оқудан шығарылды

Сайқымазақ Кроханы сирек кездесетін генетикалық аурумен ауырады

Қызылордада көлік аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді (видео)

Тағы 2 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды

Би туралы қызықты деректер

Майамиде бір уақытта 119 986 адам конга биін билеген

Қыздарға кеңес: Жігіттер танысудың бірнеше жолын айтты

Әңгімені бастаудың ең жақсы тәсілі - адамды мақтау

Студентті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған оқытушы Cоколовтың өзіне қол салмақшы болғаны видеоға түсіп қалған

Полицейлер ұстаз енді бұлай істемейді деп сендірді

Алматы билбордтарындағы есірткі жарнамасы: "челендж" партнері болған блогердің әңгімесі

Блогерлер кінәлі деп ойламаймын

Ер азамат бостандықта жүрген педофил жайлы естіп, оны бірер минуттан соң ұстаған

Қылмыскерді өзі ұстап, полицияға хабарлаған

Жер туралы қызықты деректер

Бір секунд ішінде Жерге шамамен 100 рет найзағай түседі

Теледидарды қосып қалған анасы жоғалып кеткен қызын көріп қалған

Қызы Денвер қаласында үйі жоқ адамға айналыпты
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр