Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Патриот ретінде ақтарылып жатқаныңды кім ұқсын?!": Мұхамеджан Тазабек өзін сынағандарға жауап берді

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзіне қатысты орын алып жатқан дау-дамайға жауап қатты. Ол желідегі парақшасына офицерлердің алдына барып айтқан сөздерінің видеоларын жариялады. Сондай-ақ, өзіне ренжіген Қайрат Жолдыбайұлын эмоцияға ұрындырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мұхамеджан

«Жан-жақтан сұратып жүріп, өткендегі видеоның қалған үзіктері де қолға түсіп жатыр. Шашылған айнаның сынығындай басқалары табылып жатса, оны да шығарармын, бұйыртса. Алланың әмірі солай, қазір әлемді ақпарат билеп тұр. Билегені сондай дүниежүзілік саясат пен қараша үйіңнің қарым-қатынасына дейін дегенін жасап-ақ жатыр. Біреуді жақсы көріп, жек көруіңе дейін жүректің қалауы емес, желінің қалауы қаттырақ әсер етеді. Оны не үшін айтып жатырмын. Бірнеше күн бұрын тараған менің видео-кесінділерім жайлы...», -деп жазды ол өз Instagram-парақшасында.

Оның айтуынша, тараған видео Қайрат Жолдыбайұлының да сабырлығын алып, эмоцияға ұрындырған.

«Тыңдаған жұрт әртүрлі пікір білдірді. Соның ішінде діндар, ұстаз, оқыған бауырларым да бар. Үйіріп соққан ақпарат дауылы, Қайрат Жолдыбайұлы секілді биязы бауырымды да ортаға алып шықты. Ашуға мінгізіп, ашына сөйлетіп, біраз артық-кем сөз жазғызды. Қайрат кім! Ол - мен намаз оқитын мешіттің имамы. Мен оның жұма сайын артында тұрған жамағатының бірімін. Менің құлағымда байсалды имамның қоңыр даусы, көз алдымда жұмсақ жымиған бейнесі ғана...

Ақпарат-фитнасының қиындығы сондай, мешітте баршамызға сабырды уағыздап, салқынқандылықты насиxаттап жүрген имам бауырымыздың өзін эмоцияға ұрындырып, бебеулетіп жіберді. Расында, көрген видеоңда, Меккенің жағдайын мысалға келтіре отырып, "ол жерде жамбасқа тепкен", "әлем ғұламаларының бәрі пәтуә берген", "полиция, сен приказды орында!" деп жатса, имам түгілі, мүптидің өзі селк ете қалуы мүмкін ғой. Ол жерде сенің діни маман емес, қоғам қайраткері, патриоттықты ту еткен ақын ретінде ақтарылып жатқаныңды кім ұқсын?!» – дейді Мұхамеджан Тазабек.


 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы тікұшақпен қыдыртты (видео)

Желіде олардың тікұшақта отырған сәтінің видеосы тарады

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Әлем бойынша зейнет жүйесінің рейтінгі жасалды

"Масқараға тап болдым": Алматы облысында әкім ішімдік ішіп отырғандарды қуып жіберді (видео)

Текелі қаласының әкімі: Ата-бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын?

"Еңбектеп жүріп, үріп, ұлиды": Ресейде "маугли қыз" табылды (видео)

Анасы 11 жасар қызын бір шөлмек арақ үшін сексуалдық құлдыққа сатқан

Қостанайда жарты миллион пара алған шенеунік сотталып кетті

Жер қатынастары бөлімінің басшысы 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Çàãðóçêà...