Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан: Бесінші баладан кейін артық салмақтан арыла алмай жүрмін

Қарақат Әбілдина тез арада артық салмақтан арылғанымен, бұл мәселе Динара Сұлтан үшін қиынға соғуда. Таяуда әріптесі ұқсап бесінші мәрте ана атанған Динара дұрыс тамақтану бағдарламасын ұсынатын компанияларға да сенуден қалған.

Динара Султан

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Қайырлы күн достар! Көптен бері лентаға ештеңе салмай жүргем. Мен артық салмақ тастаумен әлек болып жүрмін. Жо, жоқ шын. Оның ешқандай ұяты жоқ. Бұрындары өз қалпыма тез келе қоятын едім, мына бесіншісінен кейін киім сыймай, қалпыма келе алмай әлі жүрмін, шыны керек тәтті нәрселерді жеп қоя беремін. Бірақ емізіп жүрген қыз-келіншектерге тіптен ешқандай диета ұстауға болмайды, оны бәріміз білеміз. Және де кәзіргі кезде пп-деп дайындап, арнайы программа жасап, үйге әкеп беретін компаниялар да көбейіп кетті. Мен біразын өз басым көргем, ұнамады. Көбі соларды жеп арықтап жатады. Білмейм, сап-салқын етіп, немесе бүкіл витаминдерді өлтіретін микроволновкаға салып жылытып жей алмайды екем. Сол үшін мен кбжу деген нәрсені үйреніп, дұрыс тамақтану тәсілін табу үстіндемін. Бастысы, біздер емізетін әйелдерге пайдалы және өзіміздің қолымыздан жасалған тағамдар.

Ораза кезінде неге тамақ туралы жазасың деп ұрысып шығатын адамдарға: Кешіріңіздер❗️ Бұл пост жас Аналарға арналады! Өйткені, көбінің проблемасы осы. Мойымаңыздар қыздар! Дұрыстап санап үйреніп алайын, сосын кбжу-ға арналған пост жазам. Қасиетті Рамазан айы қабыл болсын (автордың орфографиясы мен пунтктуациясы сақталған)” – деп бөлісті Динара.

Тағы оқыңыз: 

Қыздарының қырқынан шығару рәсімін қарапайым етіп өткізген Бүркіт пен Аиша жұртты тәнті етті (фото, видео)

Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін дене сымбатын қалай қалыпқа келтіріп алғанын айтты

Песни” шоуына қатысып жатқан Назима Тиматимен дуэт орындайды

Жолдасым қазақшылыққа салынды: Айнұр Ілиясова ашық суреттеріне деген күйеуінің көзқарасы жайлы

Талқылау